Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Отандық өндірушілерге қолдау көрсетілуі керек – Президент

2020 жылдың 10 шілде 2020 13:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық өндірушілерді қолдау – мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларының негізгі элементі. Бұл пікірді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандық өндірушілерді қолдау – мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларының негізгі элементі болып саналады. Әр өңірде бұл мәселе әкімнің орынбасарына жеке жүктелуі тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент жыл қорытындысы бойынша Үкімет пен Президент Әкімшілігі тұтас облыс пен олардың жұмысына баға беретінін айтты. Жергілікті қамтамасыз ету мәселесі ай сайынғы негізде Экономикалық өсімді қалпына келтіру комиссиясында қаралуы тиіс.

«Індет елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Пандемия кезінде халықтың табысы азайды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті. Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асты», - деп сынға алды Президент.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейне байланыс жүйесі арқылы болып жатыр.

Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беруде. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.


Жоғары қарай