Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отандық өнімді қолдау: «Ел ішіндегі құндылық» атты жаңа ұғым пайда болды

2021 жылдың 26 ақпан 2021 11:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда отандық өнімдерді қолдау мақсатында «Ел ішіндегі құндылық» атты жаңа ұғым енгізіледі. Өнеркәсіп саласында талқыланып жатқан жаңа заң жобасына осындай ұғым кіріктіріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отандық өнеркәсіптік өнімді өткізу нарықтарында ілгерілету керек. Осы мақсатта заң жобасында бірінші кезекте өнімдері қосылған құнның жаһандық тізбегіне енуі мүмкін шетелдегі мекемелерімізмен жұмыс істейміз. Біздің кәсіпорындарымыз оларды қолдаса экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдауға шоғырландыру керек. Біз экспорттаушыларымызға сыртқы нарықтардағы кедергілерді (кедендік, әкімшілік және басқа да тосқауылдарды) алып тастау мәселелерінде де жәрдемдесуге тиіспіз», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сенатта өтіп жатқан «ҚР өнеркәсіптік саясатты заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Оның айтуынша биылдан бастап біз Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттарына байланысты жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс қайта қаралады.

«Осыған байланысты заң жобасымен ел ішіндегі құндылық деген жаңа ұғым енгізіледі. Заң жобасының бірқатар нормалары сатып алуларда ұлттық стандарттарды қолдануды мониторингтеу арқылы ұлттық экономиканың өзіндік қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, жұмыс мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу бағыты бойынша жүргізілетін болады», - деді ол.


Жоғары қарай