Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Отбасы банк» зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 09:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы банк» 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отбасы банктың» хабарлауынша, бүгінге дейін банкте арнайы 57 мың шот ашылған.

«Бір жолғы зейнетақы аударымын азаматтар өздігімен пайдалана алады. Ал егер БЖЗҚ салымшысы алуға болатын төлемді пайдаланғысы келмесе, ол оны өзінің туысына, мәселен зайыбына аудара алады», - деп хабарлайды банктен.

Еске сала кетсек кеше ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану ережелерін жариялаған болатын.
Жоғары қарай