Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отбасындағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша 2 411 адам жазаланды - ШҚО

2021 жылдың 28 шілде 2021 22:52

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша 2 мыңнан астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері өңірде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған 2 411 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Полиция қызметкерлері 5 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды. Оларды бұзғаны үшін 753 адам жазаға тартылды.

«Тәртіп сақшыларының өтініші бойынша 882 құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап белгіленген. Оның ішінде 825 адамға алкогольді ішімдік ішуге тыйым салынды. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Осы ретте Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда дереу «102» арнасына қоңырау шалуға шақырады.


Жоғары қарай