Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өткен тәулікте 1424 адамның пневмониямен науқастанғаны белгілі болды

2020 жылдың 7 тамыз 2020 09:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы тіркелді, деп хабарлады бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ аталған мәліметтерде пневмониядан елімізде 18 адамның қайтыс болғаны айтылады.

Жалпы елімізде 1 тамыздан бері певмониямен ауырғандар саны 11008 адамды құрап отыр. 120 адам қайтыс болған.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды»,-делінген хабарламада.


Басты сөздер: Коронавирус, Қоғам, Медицина,
Жоғары қарай