Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Өткен жылы Алматыға 820 млрд теңге инвестиция тартылды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 15:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –- Алматы әкімдігі 2019 жылдағы негізгі экономикалық көрсеткіштер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы Алматының жалпы өңірлік өнімі адам басына шаққанда 4,8%-ға өсті. Негізгі капитал инвестициясы 8,5%-ға артты. Жалпы жыл қорытындысы бойынша қала экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасты. Өнеркәсіп 4,5%-ға, тұрғын үй салу 4,8%-ға, құрылыс 3,4%-ға, бөлшек сауда 12,1%-ға, көлік 11,9%-ға өсті.

Жалпы 820 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде 620 млрд теңгесі – жекенікі.

Сонымен қатар, 2019 жылдың басынан бері қалада 47 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері бойынша 35 мыңнан астам, мемлекеттік бағдармалар аясында 12 мың жұмыс орындары ашылды.

«Өңірлік институттарды оңтайландыру есебінен шағын және орта бизнеске берілетін несиелер көлемдерін төмендетуге бағытталған «Almaty Finance» мен «Almaty» микроқаржылық ұйым құрылды»-дейді әкімдіктегілер.

Аталған шаралар жұмыс жасайтын ШОБ субъектілерінің қатарын 9%-ға арттыруға мүмкіндік берді, яғни олардың саны 190,2 мыңға жетті, қала экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 41%-ға дейін өсті.


Жоғары қарай