Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өткен жылы басқа елдер Қазақстанға 56 қылмыскерді қайтарды – Бас прокуратура

2021 жылдың 22 сәуір 2021 10:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылы Солтүстік Македониямен шарттардың толық пакетіне қол қойылды.

«Олардың бірі - Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы Адамдарды ұстап беру туралы шарт. Бұл Шарттың негізгі мақсаты – іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапқа тарту үшін экстрадициялау мәселесін реттеу. Шартта ұстап берудің келесі негіздеріне тоқталсақ, біріншіден, екі елдің де заңына сәйкес әрекет қылмыс болып саналуы тиіс. Екіншіден, қылмыстық жауапқа тартылатын адам кемінде 1 жылға бас бостандығынан айыруға жазалануы қажет. Үшіншіден, сот үкімін орындау үшін іздеудегі адамның өтелмеген жаза мерзімі кемінде 6 ай болуы керек», - деді ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов.

Енді, адам ұстап берілмейтін негіздерге тоқтасақ:

- егер сұратушы Тараптың заңнамасы бойынша қылмыс үшін өлім жазасы көзделсе;

- іздеудегі адам ақталған болса немесе оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылса;

- ескіру мерзімі өтіп кетсе;

- іздеудегі адам сол елдің азаматы болса;

- сұратылған адам әскери қылмыс жасаған болса;

- немесе ол нәсілі, діні, саяси көзқарасы үшін айыпталуы не сотталуы мүмкін болса.

«Қазіргі уақытта Солтүстік Македония мен Қазақстанда жасырынып жүрген адамдар жоқ. Бүгінгі күні Қазақстан 20 мемлекетпен ұстап беру туралы шарттар жасады. Болашақта Малайзия, Доминикан, Перу, Аргентинамен осындай шарттарға қол қойямыз. Өткен жылы басқа мемлекеттерге, елімізде жасырынып жүрген 64 шетел азаматын ұстап бердік. Ал, бізге басқа елдер 56 қылмыскерді қайтарды», - деді Б. Асылов.


Жоғары қарай