Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өткен жылы елорда бюджеті қаншалықты тиімді игерілді

2021 жылдың 25 мамыр 2021 20:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда мәслихатының тұрақты комиссия отырысында Нұр-Сұлтан қаласының 2020 жылғы бюджет қаражатының қаншалықты тиімді игерілгені қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жыл елорда үшін экономика саласының кейбір түріне теріс әсерін тигізгеніне қарамастан, қаланың макроэкономикалық жағдайы тұрақты болды деуге болады. Алдын ала мәліметке сәйкес 2020 жылдың 9 айы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) 5 млрд теңгені құрады. Ал республикалық деңгейде елорданың үлесі 209 пайызды құрап, Алматы қаласы мен Атырау облысынан кейін үшінші орында тұрмыз. Елордада ЖІӨ адам басына шаққанда 4,3 млн теңгені құрап отыр», - деді Нұр-Сұлтан қалалық ревизия комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев мәслихат отырысында.

Оның айтуынша, өткен жылы қаланың бюджет кірісі 661 млрд теңгені құраған.

«Қала бюджеті қаражатын сапалы игеруде дебиторлық және несиелік берешек әсер етті. Өткен жыл бойынша дебиторлық берешектің көлемі 44,6 млрд теңге болды. Дегенмен дебиторлық берешектің өтелмеу деңгейінің сақталуы да байқалады. Айтар болсақ, 2020 жылдың 9 айы бойынша Нұр-Сұлтанда дебиторлық берешек 35 млрд теңгені құраған болатын», - дейді ол.

Бұған дейін қалалық ревизиялық комиссияның төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаев бюджет қаржысын тиімді жоспарлап, жұмсау мақсатында елорданы көгалдандыру стратегиясын әзірлеу туралы ұсыныс білдірген болатын.


Жоғары қарай