Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Өткен жылы Қызылордада кәсіпкерлікті дамытуға 44 млрд теңге бөлінген

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 18:52

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 2019 жылы кәсіпкерлікті дамытуға түрлі қаржы көздерінен 44 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 3 мыңнан астам жұмыссыз азаматқа қайтарымсыз грант және 1,5 мыңға жуық азаматқа шағын несие берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы бағытта атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен өткен актив отырысында кеңінен талқыланды. Аймақ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 24 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына жан-жақты тоқталып өтті.

Облыс әкімі индустриялық-инновациялық даму басқармасына тиісті салалар бойынша тартылуы тиіст инвестиция көлемін жинақтап, 2020 жылғы 7 ақпанға дейін бекітуге ұсынуды міндеттеді.

«Инвестиция тартуда индустрияландыру бағдарламасы «магнит» болуы тиіс. Биыл индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығына аяқ бастық. Индустриялық-инновациялық даму басқармасына жоба бастамашысы «Орда гласс» ЖШС-мен бірлесіп, өңіріміздегі ірі жобалардың бірі – шыны зауытының биылғы жылы екінші жарты жылдықта іске қосылуы үшін тиісті жұмыстарды үйлестіріп, жүзеге асыруды тапсырамын»,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлерді қорғайтын және дамытатын, экспорт нарығына жол ашатын, өнімділікті ұлғайтып, қазақстандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын, сонымен қатар, ашық әрі прагматикалық салықтық-бюджеттік саясат қалыптастыру керектігі айтылған.

«Екінші деңгейлі банктер арқылы тұрақты бизнеске 26,8 млрд теңге, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында 5,6 млрд теңге қаражат бағытталған. Биыл да кәсіпкерлік саласын дамытуға әртүрлі көздерден бастапқы кезде 38 млрд. теңгеге жуық қаражат тарту көзделуде. Бұл қаржы жыл соңына дейін ұлғайтылады. Өнімділікті ұлғайту, қазақстандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын қалыптастыру мақсатында қаражаттың басым бөлігін жаңа өндіріс көздерін ашуға бағыттауға назар аударылуы тиіс. Биылдан бастап микро және шағын бизнес салықтан және арнайы тексеруден босатылып отыр. Бұл - өңір кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндік»,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.


Жоғары қарай