Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өткен жылы мүгедектігі бар 31 мыңнан астам адам өмірден озды

2021 жылдың 23 мамыр 2021 14:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы елімізде мүгедектігі бар 31 мыңнан астам адам өмірден озды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы мүгедектегі бар 31 390 адам қайтыс болды. Оның ішінде ерлер – 19 601 адам, әйелдер – 11 789 адам. Өлім-жітімнің негізгі себептері: жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларынан – 9 027 адам, онкологиялық аурулардан – 6 257 адам. Бұл ретте 2020 жылы қайтыс болған адамдардың орташа жасы 62-ні құрады», - деді вице-премьер.

Үкімет басшысының орынбасары БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық міндеттемені, сонымен қатар 2012-2018 жылдарға арналған Қазақстандағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту іс-шаралары жоспарын орындау аясында гендерлік ерекшеліктерді ескере отырып, мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасына іріктелген зерттеу жүргізілгендігін айтады. Аталған зерттеулер нәтижесіндегі мәліметтер мемлекеттік органдардың және үкіметтік емесс ұйымдардың жұмысында қолданылады.


Жоғары қарай