Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өзбекстан Президенті Елбасының тезірек коронавирустан айығуына тілектестік білдірді

2020 жылдың 22 маусым 2020 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Өзбекстан Президенті Елбасына тезірек коронавирус сырқатынан сауығып, бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне оралуына тілектестік білдірді.

Тараптар екі ел үкіметтерінің коронавирус пандемиясын еңсеруге бағытталған шаралары туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев алдағы кездесулер мен іс-шаралардың кестесін талқылады.

Әңгіме соңында Елбасы Өзбекстан Президентіне жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.


Жоғары қарай