Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатыр

2021 жылдың 1 қыркүйек 2021 09:27

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда басты мереке – Тәуелсіздік күні аталып өтілуде. Биыл республика егемендігін алғанының 30 жылдық мерейтойын тойлап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Мерекелік іс-шаралар бүкіл республика бойынша өтуде. Олардың ең ауқымдылары Ташкентте. Мерекеге орайластырылған іс-шаралар «Жаңа Өзбекстан» жаңа саябағында өтті. Ол республика мерейтойына арнайы жасалған. Саябақ ағаштың бес бұтағы іспетті, ол Өзбекстанның даму стратегияларының бағыттарын білдіреді.

Саябақтың жанында Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Истиклол» (Тәуелсіздік) кешені тұрғызылған. Ол – өзбек халқының 3 000 жылдық тарихи бейнесі, ұлттық сана мен Өзбекстанның жаңа келбетінің көрінісі.

Ел президенті Шавкат Мирзиёев барлық өзбекстандықтарды мерекемен құттықтады.

«1991 жылдың 31 тамызы республика тағдыры үшін шешуші болған ұлы тарихи оқиға болды. Болашаққа әрқашан сеніммен, үлкен үмітпен қараған біздің халқымыз өзінің көп ғасырлық арманына жетті – тәуелсіздігін алды. Біз бірінші рет Тәуелсіздік күнін осы саябақта атап өтіп отырмыз. Оған «Янги Узбекситон» атауы берілді. Шын жүректен халықты мерекемен құттықтаймын және ізгі тілектерімді білдіремін», - деді Шавкат Мирзиёев.

Салтанатты іс-шаралардың шарықтау шегі отшашу болды.

2021 жылы қиын эпидемиологиялық ахуалға байланысты шаралардың көбі онлайн өтеді. Кейбір концерттер карантин шараларын сақтай отырып, алдын ала жазылып жатыр. Ұйымдастырушылар бұл жағдайдың демалыс сапасы мен азаматтардың мерекелік көңіл-күйіне әсер етпейтініне үміттенеді.

Еске сала кетейік, Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күні 1991 жылғы 31 тамызда мемлекеттік тәуелсіздікті жариялау құрметіне жыл сайын 1 қыркүйекте тойланады.


Басты сөздер: Өзбекстан,
Жоғары қарай