Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда 1 шілдеден бастап карантин күшейді

2020 жылдың 1 шілде 2020 08:53

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Өзбекстанда карантин талаптары күшейтілетін болды, деп жазады ӨзА.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен коронавирустың ел аумағында тарауына жол бермес үшін 1 шілдеден бастап мемлекет аумағында карантиндік талаптар күшейтілді.

- Республиканың барлық аймақтарындағы ірі базарлар және тауарлар сатумен айналысатын ірі сауда орталықтары аптаның сенбі-жексенбі күндері санитарлық және дезинфекция жұмыстарының жүргізілуіне орай жабылады;

- «қызыл» және «сары» санаттағы аймақтарда сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін қоғамдық орталарда үш адамнан көп кісі топтануға, ал 23:00-ден 07:00-ге дейін көшеде, көпқабатты үйлердің алдына жиналуға тыйым салынады.

Карантин жағдайында:

- денсаулығының нашарлауына немесе жүктілікке байланысты медициналық тексеруден өту үшін медициналық мекемеге немесе қажетті дәрі-дәрмекті сатып алу үшін дәріханаға баруға рұқсат етіледі;

- «қызыл» және «сары» категориялы аймақтарда аптаның сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысына біршама шектеу қойылады.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен «қызыл» және «сары» категориялы аймақтарда 30 адамнан аспайтын салтанатты кештер мен түрлі той рәсімдерін санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып үйде ғана өткізуге рұқсат етілген.


Жоғары қарай