Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өзбекстанда ашылған «Шайырлар саябағына» Абай мүсіні орнатылды

2020 жылдың 20 маусым 2020 12:37

НӨКІС. ҚазАқпарат – Қарақалпақстанның (Өзбекстан) Мойнақ қаласында «Шайырлар саябағы» салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Қарақалпақстанның Мойнақ ауданы орталығында «Шайырлар саябағы» салынды. Саябақта қарақалпақ, өзбек, қазақ, түркімен және орыс халқының классик ақындары - Әжінияз, Бердақ, Күнқожа, Әлішер Науаи, Абай, Мақтымқұлы, Пушкиннің бюсі тұрғызылып, олардың жанына ақындардың таңдаулы туындысынан үзінді жазылған.

«Шайырлар саябағы» жастардың рухани және мәдени танымын кеңейтуге, көрші халықтар ақындарының да өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді», - делінген хабарламада.

Саябақта түрлі іс-шаралар мен өнер көрмелер де өтеді.








Автор Нұрлан Тұяқов
Басты сөздер: #Аbai175, Өзбекстан,
Жоғары қарай