Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда Базар жырауға ескерткіш орнатылды

2020 жылдың 4 қазан 2020 12:31

НАУАИ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Науаи облысында қазақтың белгілі ақыны Базар жырау Оңдасұлына ескерткіш орнатылды. Бұл туралы Үшқұдық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі Telegram каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балқы Базар жырау бюсінің ашылу салтанаты 3 қазан күні өтті. Шараға аудан әкімі С.Хамроев, Үшқұдық ауданы Қазақ мәдени орталығының қызметкерлері, аға буын және БАҚ өкілдері қатысты.

Бюст орнатар алдында Жалпақтаудағы Базар Жыраудың бейіті абаттандырылған.

Базар Жырау Оңдасұлы 1842 жылы Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ел арасында Балқы Базар деп танылған. Өмірінің соңғы жылдарын Жалпақтау жайлауында, Ақбөгет топырағында өткізді. 1911 жылы дүние салып, Жалпақтауға сүйегі қойылған.

Базар Жырауды Сыр бойының ақын-жыраулары, термешілері өздеріне ұстаз санаған. Оның туындылары «Терме», «Үш ғасыр жырлайды» жинақтарына енген.











Жоғары қарай