Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 60 адам болды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 08:49

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 60-қа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирус Түркиядан келген Наманған тұрғынынан анықталды. Қазіргі кезде ол оқшауланып, Наманған облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылды.

Сонымен бірге, Наманған әкімшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 наурыз күні сағат 00:01-ден бастап аудандардан Наманған қаласына, сондай-ақ Наманғаннан аудандарға және Өзбекстанның басқа да аймақтарына көліктің кез келген түрінің қозғалысына шектеу қойылды.


Басты сөздер: Өзбекстан, Коронавирус,
Жоғары қарай