Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өзбекстанда карантин қайта күшейтілді

2020 жылдың 9 шілде 2020 16:00

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – 10 шілдеден бастап Өзбекстанда карантин шарасы қайта күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен Өзбекстанда 10 шілдеден 1 тамызға дейін автокөліктер қозғалысына шектеу қойылады. Ұйым қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Бұдан бөлек, той өткізуге, жаппай және діни шаралар ұйымдастыруға тыйым салынып, базарлар, тамақтану орындары, спорт залдар мен шипажайлар жабылады. 65 жастан асқан адамдарға қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жүруге тыйым салынады.

Сонымен қатар, саябақтардағы аттракциондар, мектепке дейінгі білім беру мекемелері, киім-кешек сататын базарлар мен азық-түлік сатпайтын ірі дүкендер, жаттығу залдары мен бассейндер, оқу курстары, үйге дейін жеткізу қызметі бар тамақтану орындарын қоспағанда, мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, шәйханалар, шипажай, пансионаттар, балалар лагерьлері, жағажайлар қызметтерін тоқтатады.

Халықаралық әуе рейстерінің саны екі есе қысқарады. Халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілер коронавирусқа тест тапсыруға міндеттеледі.

Ел президенті видеоселекторлық жиналыста аумақтарды «жасыл», «сары» және «қызыл» аймаққа бөлу жұмыстары толыққанды жүргізілмей жатқанын мәлім етті. Өзбекстан президентінің айтуынша, шілденің бірінші аптасында ауру жұқтырғандар 2 167 адамға артқан. Соның ішінде 1 267 адам (58%) тұрғындар арасынан анықталған.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 11 259 адамға жеткен. Елде коронавирустан емделіп шыққандар саны – 7 060 адам. 4 152 науқас ем қабылдап жатса, соның ішінде 31-і – ауыр халде және 12-сі – аса ауыр халде. 47 адам осы індеттен қайтыс болған.


Авторы: Мирас Қуандықов


Басты сөздер: Коронавирус, Өзбекстан,
Жоғары қарай