Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанда Президент сайлауы өтті деп танылды

2021 жылдың 24 қазан 2021 17:21

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда өткен президенттік сайлауда сағат 11:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 33%-дан астамы дауыс берді. Осыған сәйкес президенттік сайлау өтті деп танылды.

Бұл туралы Ташкентте өткен брифингте Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бахром Кучкаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Комитеттің деректеріне сәйкес, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Өзбекстан президенті сайлауында дауыс беруге 6 669 552 азамат немесе халықтың 33,6%-ы келді. Тіркелген дауыс берушілер саны – 19 859 127.

Сайлау кодексіне сәйкес, сайлаушылардың кем дегенде 33%-ы дауыс берген жағдайда сайлау өтті деп танылады.

«Осылайша, президенттік сайлау аяқталды. Сайлау процесіне қатысқан барлық азаматтарды құттықтаймыз», - деді Б. Кучкаров.

Еске сала кетейік, бүгін Өзбекстанда президенттік сайлау өтіп жатыр. Оған бес кандидат қатысуда. Кандидаттар қатарында елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзиёев та бар. Жеңіске жету үшін сайлауға түсушілер 50%-дан жоғары дауыс жинауы керек.

Осыған дейін Өзбекстанда Президент сайлауы өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай