Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өзбекстанда ШЫҰ-ға мүше-елдердің халық әуендері орындалды

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 15:01

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Қазақстанның және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше басқа да елдердің халық әуендері өзбек музыкалық аспаптарымен орындалды. Өзбекстандағы ШЫҰ Халықтық дипломатия орталығының «Музыка халықты ізгілікке жетелейді» бастамасын «Ассалом» халық аспаптары ансамблінің ұжымы шебер орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Музыка адамдарды біріктіретін зор күшке ие. Әр халықтың өзіндік музыкалық тілі және ауызекі тілі бар. Бұл музыкалық тілдің ауызекі тілден айырмашылығы – баршаға аудармасыз түсінікті», - деп атап өтті Өзбекстандағы ШЫҰ ХДО Мәдени-гуманитарлық қатынас бөлімінің бастығы Фахриддин Отбасаров.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Өзбекстандағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Халықтық дипломатия орталығының мақсатының бірі - музыка арқылы түрлі елдердің бірлігі мен ынтымағын қолдау. Белгілі өнерлі музыкант Абдухалил Исаевтың жетекшілігімен «Ассалом» халық аспаптар ансамблі бұл бастаманы шебер жүзеге асырды.




Өзбек халық аспаптарымен ШЫҰ-ға мүше сегіз мемлекеттің – Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның халық әуендері орындалды.

Үндінің «Бродяга» және «Танцор диско» фильмдеріндегі әндер, қазақтың «Қөңiл толқыны» және «Сарыжайлау» композициясы, қытайдың «Император» халық музыкасы, «Тумарим» қырғыз халық музыкасы, пәкістанның «Би» халық музыкасы, «Смуглянка», «Катюша», «Калинка» орыс мелодиясы, «Лали Яман» тәжік халық музыкасы, «Мерекелік музыка» өзбек халық мелодиясы іріктеліп алынды.




Авторы: Мәдібек Жәнібеков


Басты сөздер: Қоғам, ШЫҰ, Мәдениет,
Жоғары қарай