Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өзбекстанда студенттер мен оқушылар онлайн оқуға көшті

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 11:28

ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Өзбекстанда жоғары оқу орындары мен мектептегі сабақтар бір ай бойы онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Халыққа білім беру министрлігі 24 қаңтардан бастап мектептер бір ай бойы онлайн режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен Санитарлық-эпидемиологиялық қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің балалар мен жастар арасында коронавирус инфекциясының жаңа штамының таралуын болдырмау жөніндегі ұсынымдары негізінде 24 қаңтардан бастап бір ай бойы мектептерде оқу процесі онлайн режимде жүргізіледі.

Оқушылар үшін қашықтықтан оқу кезінде сапалы білім алуы Ұлттық телерадиокомпания мен «Онлайн мектеп» телеграм-каналы арқылы жүзеге асырылады. «Онлайн мектеп» жобасы бойынша сабақ кестесі күн сайын «Онлайн мектеп» телеграм каналы арқылы жарияланады», делінген хабарда.

Бұдан бөлек, елдегі жоғары оқу орындарында да сабақтар бір ай бойы онлайн режимде өтетін болды.


Жоғары қарай