Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Өзбекстандағы парламент сайлауының нәтижесі жарияланды

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 14:39

ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат – Кеше Өзбекстан парламенті Заң шығару палатасы және жергілікті кеңестер депутаттығына кандидаттарға қайта дауыс беру өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, қайта дауыс беру 25 сайлау округінде өткізілген.

Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, қайта сайлауда Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан 11, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан 2, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан , Халық демократиялық партиясынан және Өзбекстан Экологиялық партиясынан төртеуден кандидат Заң шығару палатасының депутаты болып сайланған.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 22 желтоқсанда өткен парламент сайлауында Өзбекстан либерал-демократиялық партиясынан 43 депутат сайланып, парламентте басымдыққа ие болған еді. Либерал-демократтар қайта сайлау нәтижелері бойынша өз басымдықтарын нығайта түсті.



Автор Нұрлан Тұяқов
Басты сөздер: Сайлау, Өзбекстан,
Жоғары қарай