Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өзбекстандықтарға шетелдік рейстерге әуе билеттерін сатып алмауға кеңес берілді

2020 жылдың 27 маусым 2020 09:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі шетелдік рейстерге әуе билеттерін сатып алмауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның атап өтуінше, коронавируспен күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссияның шешіміне сәйкес, Өзбекстанда карантин шаралары 2020 жылдың 1 тамызына дейін созылған. Бұған қоса, барлық шектеу шаралары аталаған мерзімге дейін толық сақталатын болады. Осыған байланысты шетелдік авиакомпанияларға арнайы нота жіберілді. Онда өзбек авиакомпанияларына әзірше әуе тасымалын қайта бастауға рұқсат берілмегендігі айтылған.

Мәселен, коронавируспен күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссияның №29 хаттамасына сәйкес, қазіргі уақытта «жасыл», «сары» және «қызыл» рейстерді анықтау жұмыстары жүргзіліп жатыр. Бұл ретте басты назар коронавирус инфекциясы бойынша көрсеткіш төмен елдерге аударылады.

Жоғарыда аталған факторларға байланысты Өзбекстанның көлік министрлігі ел азаматтарына әуе билеттерін сатып алмауға кеңес беріп отыр.

«Өзге елдермен арадағы әуе қатынасы арнайы комиссияның шешімімен ғана ашылатын болады. Қазіргі уақытта арнайы комиссия бекіткен чартерлік рейстер ғана орындалып жүр», - деді ӨР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Өзбекстан Республиасының арнайы республикалық комиссиясына шілде-тамыз айларында Түркия, Ресей, БАӘ және Қазақстанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы ұсыныс айтылғанын хабарлаған едік.

ӨР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Навруз Ашурмуратовтың айтуынша, бірінші кезеңде паритеттік негіздегі тұрақты рейстер жанданады.

Мирас Қуандықов


Жоғары қарай