Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз қаржы алып өтпек болған қырғыз азаматы ұсталды

2021 жылдың 23 қазан 2021 17:46

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 20 000 АҚШ долларын және 23 458 000 теңгені Қазақстанға заңсыз алып өтпек болған Қырғызстан азаматы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Атамекен» кеден бекетінде қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 19-қазаны сағат 14:30 шамасында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» кеден бекетінің және «КҚЖТ» шекара наряды қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстанға кірмекші болған «Volvo» жүк көлігін тексеру барысында, декларацияланбаған ақшаны анықтаған.

«Аталмыш оқиға ҚР Қылмыстық кодексінде арнайы қаралғандықтан, Қырғызстан азаматына қатысты тиісті тергеу амалдарын жүргізу мақсатында, іс Түркістан облыстық Экономикалық тергеу департаментіне жолданды»,-длінген Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай