Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өзбекстанның 5 саяси партиясы президент сайлауына қатысатын кандидатын бекітті

2021 жылдың 9 қыркүйек 2021 21:37

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда бес саяси партияның барлығы президент сайлауына қатысатын кандидатын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзінің алғашқы үміткерін 26 тамызда «Миллий тикланиш» партиясы бекітті, оның атынан сайлауға Олий Мажлис заң шығару палатасы спикерінің орынбасары, партия басшысы Әлішер Қадыров қатысады.

Экологиялық партия кандидаты – партияның орталық аппараты атқарушы комитетінің төрағасы Нарзулла Обломуродов.

Өзбекстан Халық Демократиялық партиясының (ӨХДП) съезі 6 тамызда өтті. Президенттікке үміткер ретінде ӨХДП төрағасының орынбасары Максуда Варисова бекітілді.

Бір күн бұрын «Адолат» Социал-демократиялық партиясы өзінің үміткері ретінде партия басшысы Бахром Абдухалимовты бекітті.

Бүгін Либералды-демократиялық партия өз кандадаты ретінде қазіргі президент Шавкат Мирзиеевті съезде бекітті.

Рәсімге сәйкес Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына өз кандидатурасы үшін тиісті құжаттар мен қол қою парақтарын тапсырды, содан кейін ОСК олардың президент сайлауына қатысуға кандидат ретінде ресми тіркелгенін жариялайды.

Еске сала кетейік, Өзбекстан президентін сайлау 24 қазанда өтеді. Сайлау науқаны ресми түрде 23 шілдеде басталды.

Авторы: Мәдибек Жәнібеков


Басты сөздер: Өзбекстан, Сайлау,
Жоғары қарай