Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өзбекстанның Бас прокуратурасы Гүлнар Каримоваға қарсы жаңа іс қозғады

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 11:40

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Гүлнар Каримоваға қатысты жаңа іс қозғалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Озбекстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қадағалау органының баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, Өзбекстанның Бас прокуратурасы мен Әділет министрлігі АҚШ, Швейцария, Франция, Ресей Федерациясы және Латвия сияқты шет мемлекеттермен Г.Каримованың қылмыстық жолмен алынған 1,3 млрд. АҚШ доллары табысын қайтару мәселесі бойынша бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр, сонымен қатар жекелеген елдерде де қылмыстық істері тергелуде.

«Осы жұмыс аясында халықаралық құрылымдар мен азаматтардан Г.Каримованың бұрынғы тергеулерде қамтылмаған жаңа қылмыстары туралы деректер келіп түсті. Бұл жаңадан ашылған мән-жайлар жаңа қылмыстық іс қозғауға негіз болды. Тергеу барысында Г.Каримова бірнеше адамнан тұратын көптеген ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, қылмыстық қауымдастықты басқарған. Г.Каримова және оның сыбайластары ұйымдасқан топтардың құрамында жасаған қылмыстары үшін сот тағайындаған жазаны өтеп жатыр», - делінген хабарламада.

«Қазіргі уақытта тергеу Г.Каримованың республиканың өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейтін тағы бір ұйымдасқан қылмыстық тобының бар екенін анықтады, бұл топ оған қылмыстық жолмен алынған кірістердің бір бөлігін беріп отырған. Сонымен қатар, Г.Каримова қысым көрсету және қорқыту арқылы азаматтар мен түрлі компаниялардың иелерін өздері басқаратын компанияларға мүліктерін қайта тіркеуге мәжбүрлеген. Тергеудегі қылмыстық іс аясында келтірілген залалдың мөлшері 165 млн. АҚШ долларынан астам және 85 млрд-ты құраған. Осыған байланысты, бопсалау, иемдену жолымен тонау немесе ұрлау, Өзбекстанның мүдделеріне қайшы мәміле жасасу және елдің қылмыстық кодексінің тиісті баптарында қарастырылған қылмыстық қоғамдастық құрумен байланысты жасаған қылмыстар үшін жаңа айып тағылды», -деп атап өтті Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Ташкенттің Яшнабад аудандық қылмыстық сотының үкімімен Г.Каримоваға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Істі тергеу барысында Г.Каримованың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өзі және оның жақын туыстары әкелген 7 қорғаушысы жүзеге асырады. Сонымен қатар, барлық тергеу әрекеттеріне қорғаушылардың қатысуы және онымен шектеусіз жеке кездесу мүмкіндігі қамтамасыз етілген», - деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта істі тергеу аяқталды, Г.Каримова қорғаушылардың қатысуымен қылмыстық істің материалдарымен танысуда.

Фото: BBC.com

Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай