Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

«Өзі өлсе де, адамның көзі өлмейді» деген ұстаныммен өмір сүретін ел - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

2019 жылдың 27 сәуір 2019 12:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Бейжіңде қазақ тілді балабақшаға барушылар көбейді - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)



null

Бейжің қаласының Чауияң ауданында «Балдырған» атты қазақтілді балабақшаның ашылуы Қытай астанасында тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына қуаныш сыйлады, деп жазады қытайлық kazakcnr.com сайты.

«Қытай Халық Республикасының астанасында «Балдырған» атты қазақ бала бақшасының ашылғанына бір жыл толды. Алғашында бұл орталық тек Қазақстан азаматтарының балаларына бағытталып жұмыс жасап келген. Балабақша тәрбиешілерінің біліктілігі, оқыту үрдісінің озықтығы жұрттың арасында жақсы бағаланып, сұраныс тудырған соң, балаларын «Балдырғанға» сеніп тапсыратындардың қарасы молайған. Қазіргі күні бұл балабақшада қытайлық, қырғызстандық, үндістандық балаларда оқып жүр», - деп жазады CNR сайты.



null

Аталған БАҚ-тың хабарлауынша, балабақша директоры Назгүл Мырзаханқызы Назарбекова 2009 жылы жұбайының жұмысының қажетімен Қытайға келіп уақытша қоныстанған. Осыдан соң Назгүл әртүрлі себептермен Қытайда тұрып жатқан жерлестерінің қазақ балабақшасына деген сұранысы бар екенін біліп, бақша ашуға бел буған. Оның университетте оқыған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы да талпынысын оятқан. Осылайша бүгінгі күні Алматыда, одан Үрімжіде балабақша ісімен шұғылданған тәжірибелі іскер әйел өз кәсібін халықаралық қала Бейжіңде жалғастырып, «Балдырған» балалар бақшасын аяғынан тұрғызып, халықтың алғысына бөленіп отыр.




null

Жандос Болашақұлы Азия кубогының қола жүлдегері атанды - KAZNEWS



null

Алматыда дзюдодан Қазақстан дзюдо федерциясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы өтті, деп хабарлайды KAZNEWS ақпараттық порталы.

Аталған сайттың жазуынша, Жарыстың бірінші күнінде 6 елдан 224 жасөспірім дзюдошы белдессе, екінші күні 7 елден 186 жас спортшы өзара мықтыны анықтаған. Нәтижесінде, жасөспірімдер арасында өткен жарысты Қазақстан құрамасы 11 алтын, 10 күміс және 20 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. 3 алтын, 4 күміс, 5 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы екінші орынға жайғасса, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдеге ие болған Қырғызстан құрамасы үздік үштікті аяқтады.

«Бұл жарыстан Моңғолия құрамасы да құр қалған жоқ. 60 келіде Сүхбат Бямбасүрэн, -90 келі салмақта Жандос Болашақұлы белдесуге барған. Нәтижесіне Сүхбат Бямбасүрэн Азия кубогының жеңімпазы атанса, Жандос Болашақұлы қола жүлдегер атанды. Жандос Болашақұлы алғашқы кездесуінде қазақстандық Талас Алтайды иппон ұпайымен жеңіп, екінші айналымында Әнуарұлы Бексұлтаннан ұтылып қалды. Жұбаныш белдесуінде Ресейлік Бруинханов Максимнен айласын асырып, басымдық танытып иппон ұпайымен жеңді. Қола жүлде үшін белдесуде Жандосты қазақстандық Федоров Данил күтіп тұрған болатын. Жандос Данилдің арқасын 3:24 минутта татамиге тигізіп үлгерді», - деп жазады KAZNEWS.

Дереккөзінің жазуынша, Жандос Болашақұлы жастар арасында -90 келіде дзюдодан Моңғолия ел чемпионатының қола жүлдегері, самбодан және моңғолдың ұлттық күресінен ел чемпионы екен.

«Өзі өлсе де, адамның көзі өлмейді» деген ұстаныммен өмір сүретін ел - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)



null

20 миллионнан астам халқы бар Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы әлем бойынша көздің мүйізгек қабыршығын басқа мемлекеттерге жәрдемге беретін ең үлкен ел, деп жазады қытайлық kazakcnr.com сайты.

Қытайлық БАҚ-та жарық көрген мақалада автор, Шри-Ланкадағы 21 сәуірде болған жойқын жарылыс салдарынан қаза болғандарға көңіл айта отырып, бұл дүниенің сәулесіне зар болған көптеген адамдарды жарық әлеммен қауыштырған ақпейіл шри-ланкалықтардың қайғы жамылып, жанарлары жасқа толғандарына күйініш білдірген.

«Шри-Ланкада болған бірнеше жарылыс салдарынан 300-ден астам адам қаза болып, 500-ге жуық адам жараланған. Бұл қайғылы оқиғалар әлем жұртының қабырғасын қайстырды. Шри-Ланкалықтар дүние жүзіне көптеген игі бастамаларымен танымалы. Табиғатынан біртоға, сырбаз мінезді Шри-Ланка халқы әлем бойынша таңғажайып бір рекордты үзбей сақтап келе жатқанын көп жұрт біле бермейді. 20 миллионнан астам халқы бар Шри-Ланка елі көздің мүйізгек қабыршығын сақтайтын халықаралық «көз банкіне» қазірге дейін 160 мың дана көздің мүйізгек қабыршығын көмекке берген. Бұл елдің әр кезекті президенттері де жалпыхалықтық үрдіске айналған игі дәстүрді қолдап, бастамашы болып келеді», - деп жазады CNR сайты.



null

Аталған ақпарат көзінің дерегінше, Шри-Ланка елінің өзінде де бір кездерде көздің қабыршығын беретін донор тапшы болған. 1958 жылы медицина мамандығы бойынша оқып жүрген студент Хадсон Сильва есімді азаматтың газетте жарық көрген «Өзі өлсе де, адамның көзі өлмейді» атты мақаласы елде үлкен сілкініс тудырады. Ол мақалада халықты көздің мүйізгек қабыршығын көмекке атауға насихаттап, анасы екеуі өздері бастап осы үрдіске атсалысып, үлгі болатынын айтады. Осыдан соң 70 пайыз халқы будда дінін ұстанатын елде бұл бастама жаппай қолдау табады. Олар, адам қайтыс болғаннан кейін дене мүшесін басқа біреуге көмекке беру, әсіресе, көз қабыршығын басқаларға сыйлап, олардың жарық дүниені қайтадан көрулеріне мүміндік жарату сауапты іс деп санаған.



null

«Көптеген Шри-Ланкалықтар сол кезеңдерден бастап бұл науқанға белсене атсалысып, қазіргі күні бүкіл халықтық ауқымға айналған. Тіптен елдің әр кезекті президенттері де көз қабығын көмекке атап келе жатқаны БАҚ-та жарияланды. 1961 жылдан 2017 жылға дейін Шри-Ланкадағы көз қабығын сақтайтын банк 160 мың дана көздің мүйізгек қабыршығын тапсырып алған. Соңғы екі жылда көз қабыршығы 8 мың данаға артып отырған. Ал елде шамамен 13 миллион адам көз қабыршығын ақысыз көмекке беру үшін келісімін беріп, қол қойған. Көз қоймасында сақталған 160 мың көздің қасаң қабығының 40 мыңнан астамы шри-ланкалық науқастарға пайдаланылса, ал 100 мыңнан астамы Қытай, Жапония, Тайланд, Үндістан, Пәкістан секілді әлемнің өзге мемлекеттеріндегі науқастарға трансплантациялауға және зерттеуге берілген», - деп жазады Қытайдың «Орталық халық радиосының» сайты.



null

Қазақстанда туристік полиция құрылды - «Фарс» ақпарат агенттігі



null

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі туристік полиция құрды. Бұл жаңа бөлімшенің ашылу мақсаты шетел азаматтарының Қазақстан жерінде тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр, деп хабарлайды Fars ақпарат агенттігі.

Қазақстанда жаңа құрылған туристік полицияның басты міндеті - туристер мен шетелдік қонақтарға тиісті ақпарат беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Туристік полиция қызметкерлері бейнекамера, планшет және рациямен жарақталып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеп, Қазақстан тарихын жақсы білуі тиіс.

Нұр-Сұлтандағы Түркия елшілігінде Ұлттық егемендік және балалар мерекесі тойланды - TRT



null

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі тойланды, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, Түркия өкілетті елшілігі мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Юнус Эмре Институты ынтымақтастығымен елшілік ғимаратында болған шараға Түркияның өкілетті және төтенше елшісі Невзат Уянык, елшілік қызметкерлері және ЮЭИ өкілдері, сонымен бірге «SOS» Балалар үйі мен «Нұрлы Жүрек» балалар орталығының жеткіншектері қатысты.

«Өкілетті елші Уянык балаларға Ататүрік сыйлаған мерекенің маңызын түсіндіріп, өзінің қызмет креслосын ЮЭИ-ның Түрік халық билері ансамбліндегі Лаура Алдабергенова және «Нұрлы Жүрек» орталығының оқушылары Әділет Жақсылық пен Нәби Темешовқа берді. Өкілетті елші креслосына отырған балалар елшіге рақмет айтып, игі тілектерін жеткізді. Мерекелік шарада балалар би билеп, өлең оқыды. Айырықша балаларға түріктің дәстүрлі көлеңке театры сахналанды. Шара шеңберінде сонымен бірге балалардың «Түркия-Қазақстан бауырластығы» атты көрмесі ашылды», - деп жазады TRT.

Самарқанд музыкалық драма театры Қазақстанға барады - «ӨзА» ақпараттық агенттігі



null

Алдымыздағы 25 мамыр күні Самарқанд облысындағы музыкалық драма театр ұжымы Қазақстанға шығармашылық сапар жсауды жоспарлап отыр, деп жазады Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

«Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігінің мәліметінше, театр ұжымы Қазақстанға шығармашылық сапарға шығуға дайындалуда. Қазіргі уақытта Өзбекстанда мәдениет пен өнер саласын дамытуға, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде заманауи мәдениет және өнер институттарын құруға, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және шығармашылық интеллигенцияны толық қолдауға үлкен көңіл бөлініп отыр. Жұмыстардың нәтижесі Самарқанд облысы музыкалық драма театры ұжымы тарапынан сахналанып жатқан мазмұнды әрі мәнді қойылымдарынан-ақ айқын байқауға болады», - деп жазады «ӨзА» ақпараттық агенттігі.

Аталған сайттың хабарлауынша, Шымкенттегі өзбек драма театрының ұжымы биылғы жылдың 18 сәуірінде Самарқанд қаласында шығармашылық сапармен болып, «Қасқыр ұлыған түн» спектаклін тарту еткен. Кездесу барысында делегация мүшелері самарқандтық әріптестерін Қазақстанға шақырған екен.

Автор Бақытжол Кәкеш
Басты сөздер: БАҚ, Қоғам, Қандастар,
Жоғары қарай