Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пандемия әсері: Қазақстан қандай өнімдердің экспортын азайтты

2020 жылдың 26 қазан 2020 13:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пандемияның салдары Қазақстанның экспорттық әлеуетіне қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Жолдауында шикізаттық емес экспортты ұлғайту туралы тапсырма берген болатын. Оның жартысына жуығы (42%) қазір жоғары және орташа өңдеу сатысындағы өнімдерден тұрады. Оның көлемі тұрақты түрде ұлғайып келеді. Өңделген экспорттың негізгі тауарлары - мыс және мыстан жасалған катодтар, ферроқорытпалары, уран, мұнай өңдеу өнімі және басқалар», - деді Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, әлемде пандемия салдарынан шыққан сауда-экономикалық өзгерістер бір жағынан тәуекелдерді туындатса, екінші жағынан отандық кәсіпорындардың ең жоғары қосылған құны бар өнімді өндіруге көшуіне «мүмкіндік терезесін» ашады.

«Осы жылы пандемия әсерінен отандық өнімді дәстүрлі сатып алушылардың бірқатары өзінің өндіріс көлемін қысқартып, қазақстандық өнімді сатып алуды бәсеңдетті. 8 айдың қорытындысы бойынша өңделген тауарлардың экспорты 7,3%-ке – 10,4-тен 9,7 млрд АҚШ долларына дейін азайды. Экспорттың негізгі төмендеуі мұнай өнімдерінің (-332,6 млн $), ферроқорытпаларының (-249,7 млн $), мырыштың (-121,2 млн $) жеткізілімінің қысқаруы және бағалардың төмендеуі есебінен болып отыр», - дейді ол.

Алайда министр тамақ өнеркәсібінің экспорты көбейіп, ұн, күнбағыс майы, макарон өнімдері, сиыр еті, соя майына сұраныстың артқанын айтады.


Жоғары қарай