Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пандемия халықтың психолог мамандарға деген сұранысын арттырды

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 15:35

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының психикалық денсаулық орталығында психологиялық зерттеу бөлімі жұмыс істейді. Онда психологтар коронавирус инфекциясына деген үрейді жеңу ұсыныстарын әзірледі. Бұл туралы Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, психологиялық зерттеу бөлмінде мамандар мазасыздық пен қорқыныш деңгейін төмендетіп, науқастардың психикалық денсаулығын сақтауға көмектеседі.

«Біздің орталықта 2015 жылдан бастап сенім телефоны іске қосылған болатын. Өткен жылмен салыстырғанда биыл түскен қоңырау саны көп. Бұл – халықтың психолог мамандарға деген сұранысының артқанын көрсетеді. Жалпы, бізге жиі түсетін сұрақтардың бірі – адамдар арасындағы үрейдің көбеюі. Яғни, COVID-19 пандемиясына байланысты түрлі үрейдің қалыптасуы. Мұндайда ең алдымен айтарым, қорқынышты мәліметтерді санаға жинай берудің қажеті жоқ. Екіншіден, құзырлы органдар ресми мәлімет таратпайынша, жалған ақпаратқа сенбеңіздер деген кеңес айтамын. Сонымен қатар, бұл дерт жайлы көп ойлай берудің де керек жоқ. Бастысы, маска тағып, жеке гигиена ережелерін ұстанып, әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаңыз», - дейді ол.

Сонымен қатар, дәрігер психологиялық жағдайды бақылауға арналған бірқатар ұсыныстар айтты.

«Спортпен шұғылдануды тоқтапау керек. Физикалық белсенділік - мазасыздықтың емі. Жаттығу адамды жақсы ойлауға, көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Жүрек пен мидың тепе-теңдігін сақтауға назар аударыңыз. Ол үшін баяу және терең дем алыңыз. Сонымен қатар, уақытылы тамақ ішіп, уақытылы ұйықтаудың да маңызы зор. Осы екі нәрсеге ереше назар аударған жөн. Жоғары эмоционалды стресс кезінде ақуызға бай тағамдарды жеген абзал. Ол жүйке жасушаларын қалпына келтіруге көмектеседі. Адам күніне кем дегенде сегіз сағат ұйықтауы керек. Мүмкіндік болса түскі уақыта да демалған жөн «,– дейді спикер.

Сонымен қатар, ол орталыққа көбіне күйзеліске тап болғандар хабарласатынын жеткізді.

«Күйзеліс негізі жұмыстың жоқтығынан, қаражаттың аздығынан пайда болады. Содан кейін көздеген мақсатына жете алмай жүргендер арасында немесе әйелінен, күйеуінен ажырасып кеткендер арасында депрессияға тап болатындар бар. Осындай жағдайларда көбіне орталық психологтарының көмегіне жүгінеді», - дейді дәрігер.


Жоғары қарай