Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пандемия кезінде БҚО тұрғындарына 17 млрд теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілген

2021 жылдың 25 мамыр 2021 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңір халқын әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту шараларын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елдегі пандемияға байланысты облыс тұрғындарына мемлекет және демеушілер тарапынан 17 млрд теңгеге жуық әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оған қоса 5 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) берілді. Пандемия кезінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында өткен жылы 8 мыңға жуық адам жұмысқа тартылып, 242 тұрақты жұмыс орны құрылды», - деді Ғ. Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 32 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды; түрлі санаттағы адамдар 46 кредитке қол жеткізді; 184 адам жаңа бизнес-идеяларға грант алды; 623 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 251 жас маман – жастар практикасына, 3359 азамат – қоғамдық жұмысқа жолданды.

«Біз «Менің аулам – менің бағым» атты өңірлік акция жасадық. Науқанның басты мақсаты – мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы арқылы жұмыссыз және аз қамтылған отбасыларына көшеттер мен қажетті құралдарды алып, өсірген жеміс-жидектер мен одан дайындалатын өнімдерді сату арқылы пайда көру. Акция аясында 52 азаматқа грант берілді», - дейді өңір әкімі.

Аталған шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың басында аймақтағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар саны 117,4 мың адамнан 89 мыңға дейін азайған.


Жоғары қарай