Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пандемия кезінде КТ суреттерін сараптауға жасанды интеллект қолданылды

2021 жылдың 3 қыркүйек 2021 14:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия кезінде компьютерлік томография суреттерін сараптауға жасанды интеллект қолданылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Айталық, пандемия кезінде компьютерлік томография суреттерін сараптау үшін жасанды интеллект қолданылды. Ол тиімділікті айтарлықтай арттыруға, дәрігерлер жетіспеушілігін төмендетуге септігін тигізді. Қазіргі уақытта дәл осы технология онкологиялық ауруларды сараптау үшін қолданыла бастады. Барлық суреттерді сараптау үшін жасанды интеллектіні қолдану үшін осы жүйемен барлық медициналық мекемелерді толықтай қамту міндеті жүктеліп отыр», - деді ол «Жолдау 2021: іске асыру жолдары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы барысында

Вице-министр деректерді цифрландыру бағытында да қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Егер пирамида ретінде қарайтын болсақ, база негізі инфрақұрылым саналады. Бұл – интернет, жаңа технологияларды пайдалана отырып, деректерді өңдеу орталықтарының желісін құру. Келесі деңгейі – мемлекетті бизнеспен және азаматтармен өзара іс-қимылы, сонымен қатар бизнестің өзін цифрландыруға ынталандыру. Мұнан кейінгі деңгей – мемлекеттік органдардың, бизнестің өз тиімділіктерін арттыру үшін сараптамаларды қолдануы, осылардың бәрін жинақтай келе аталған пирамиданы цифрлық үкімет деп санауға болады», - деді Асқар Жамбакин.


Жоғары қарай