Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Пандемия кезіндей кей адамдар неге тәртіпке бағынбайды – Der Spiegel

2020 жылдың 29 наурыз 2020 20:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Forsa зерттеу институты жүргізген сауалнама барысында 18-29 жас аралығындағы адамдардың 61 пайызы пандемия кезінде бұрынғы әрекеттерінен бас тартуды жөн санамайтынын айтты. Олардың қатарында қатерлі топқа кіретін 60 жастан асқан адамдар қарасы көп», - деп жазады Der Spiegel неміс журналы.

Автордың айтуынша, тағы бір сауалнама барысында адамдардың тең жартысынан астамы коронавирус пандемиясына алаңдамайтынын айтқан. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекет ақпараттың жетіспеушілігінен емес, одан да тереңірек псиъологиялық қорғаныс механизмдерінен туындап отыр.

«Алдымен адамдар коронавирус тұмаудың бір түрі дейді, одан кейін Қытайдың алыста екенін алға тартады. Ал енді вирус әлемге кең тарағанда адамдарда үшінші механизм іске қосылады. Вирусологтар мен саяаткерлердің айтып жатқан ескертулері когнитивті деңгейде қабылданғанымен, эмоция мен қорқыныш әсерінен адамдар әрекеттерін өзгертуі тиіс екеніне бойұсына бермейді», - деп жазады автор.

Оның жазуынша, вирус жұқтырғандар мен өлгендердің саны артқан сайын барып қорғаныс механизмі қосылады.

«Көптеген жастар өздерінің денсаулығына сенімді. Сол себепті достарымен кзедесіп, бұрынғы өмір салтын жалғастыра беруі мүмкін. Мысалы, темекі шегетіндер қоғамдық орындарда жауапкершіліктен айырыла бастаған соң, тыйым салу ғана әсер етті. Қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу жылдам орындалды. Яғни, қарым-қатынасты азайты, еркін қозғалысты шектеу коронавирус пандемиясында тиімді болуы мүмкін», - деп жазады автор.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай