Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пандемиядан кейінгі Қазақстан мен Қытайдың инвестициялық ынтымақтастығы талқыланды

2020 жылдың 25 қараша 2020 16:42

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде «12th China Overseas Investment Fair» шеңберінде Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастықтың Қазақстан-Қытай үшінші форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Іс-шараны «China Overseas Development Association» және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды. Оған 200-ден астам қазақстандық және қытайлық мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастығының мүшелері қатысты.

Форумды ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бүгінгі таңда екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Пандемияның Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайту мақсатында ел басшылығы жаңа инвестициялық құралдар құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы инвестициялық тартымдылықты арттыруға, мемлекеттік саясаттардың транспаренттілігі мен болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған елеулі өзгерістер мен реформалардың қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша стратегиялық инвестициялық келісім түрінде ірі инвесторларды қолдаудың қосымша құралын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы келісім инвесторларға салықтық преференциялар, жеңілдікті қаржыландыру, мемлекет тарапынан кепілдік берілген сатып алу, сондай-ақ экспорттық қолдау түрінде мемлекеттік қолдау шараларының кешенді пакетін ұсынады. Заңнама тұрақтылығының кепілдіктері мен салалық преференциялардың болуын атап өтумаңызды», - деді А.Айдаров.

Пандемия жағдайында жұмыстарды қайта бастауға және ҚР мен ҚХР арасындағы инвестициялық ынтымақтастық әлеуетіне арналған панельдік сессия шеңберінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев жасады.

«Пандемияға қарамастан біз жұмыс форматын уақытылы қайта құра алдық. Пандемияшыңы кезеңінде инвесторлардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне байланысты бізжұмыстың фокусын жоғары пысықталған жобаларды қолдауға бағыттадық. Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау, шетелден заманауи жабдықтарды әкелу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрғанкәсіпорындардың жұмысын қайта бастау мәселелері жедел шешілді. Заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен зауытты қашықтықтан іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізудің алғышарттары бар. Бүгінде KAZAKH INVEST шетелдік бизнеспен қарқынды байланысорнатып отыр. Жобалармен жұмыс істейтін компаниялармен үнемі бейнеконференциялар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, біз сұраныстардың барлық түрлері үшін 24/7 жедел желісіненгіздік», - деп атап өтті Б. Сартбаев

Сонымен қатар, АХҚО-ның ҚХР-дағы өкілі Т.Маликов қатысушыларға АХҚО алаңыұсынатын ҚР мен Орталық Азияда бизнес жүргізудің бірегей шарттарын таныстырды. Сондай-ақ форумда «China Overseas Development Association» Президенті Ху Вэйпин, ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің шетелдік инвестициялардепартаменті директорының орынбасары Чжэн Чжипин, China Power International Holding, China Tianchen Engineering Corporation, Universal Energy, China International Investment Management Consulting, General China Insurance, PICC, China Credit Insurance, China Nonferrous Metal, Gezhouba Overseas investment компаниялардың басшылары сөз сөйледі. Іс-шара барысында пандемия кезеңінде инвестициялық жобаларды іске асыру бойыншаөзара іс-қимыл мәселелері, инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары, қазіргі уақытта бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде екі елдің компаниялары тапболуы мүмкін тәуекелдер және оларды еңсеру жолдары талқыланды.

Айта кету керек, бүгінгі таңда 25 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 24,7 млрд доллар сомасына Қазақстан-Қытай жобалары әртүрлі пысықтау сатысында тұр. 4 млрд долларға 16 жоба іске асырылды. Олардың қатарында автомобильдер мен электрокарлар өндірісі, рапс майын өндіру және жалпы қуаттылығы 180 МВт болатын 3 күн электр станциясы бар. Сонымен қатар, келесіжылы АӨК, ТМК, инфрақұрылым, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында бірқатар жобаларды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Анықтама: «China Overseas Investment Fair» Пекин қаласында өткізілетін жылсайынғы инвестициялық форум. Іс-шара ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің тапсырысы бойынша өткізіледі, ұйымдастырушылар «China Overseas Development Association». Жыл сайын форумға 500-ден астам бизнес өкілдері қатысады.


Жоғары қарай