Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Панфилов ауданында жүгері жинау науқаны басталды

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 14:50

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданында жүгері жинау науқаны басталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл алқапты өңірде құрғақшылық болса да өткен жылғыдан 124 гектарға артық өнім жиналмақ. 70 гектар алқабы күйіп кеткен дақылды аймақтан диқандар бүгінде әр гектарына 64,1 центр жүгері алуды жоспарлап отыр. Жалпы шаруалар 26059 гектар алқаптан 167,3 тонна сары дақылды қоймаға баспақ.

«Биылғы жылы пандемияның диқандарға кері әсері болмады. Өйткені мемлекеттік бағдарламамен жеңілдік тоқтаған жоқ. Керісінше шаруа қожалықтарына жақсы қолдау көрсетілді. Бергісі біздің ауданға 380 тонна дизель отыны беріліп, төмен бағамен сатылды»,-дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Жұмағазы Наймантаев.

Жыл басынан бері бүгінге дейін ауыл шаруашылық саласына 1 млрд 20 млн теңгеге инвестиция тартылып, 48 дана техника сатып алынған.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5 шаруа қожалығы жеңілдікпен 305 млн 955 мың теңгенің несиесін алса, 44 жеке серіктестік иелеріне 142,4 млн соманың жеңілдігімен қаржылай қолдау көрсетілген», - делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.


Жоғары қарай