Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Пара алған аудан прокуроры 4 жылға сотталды

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 10:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Қорғалжың ауданының бұрынғы прокуроры Д. Омар 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысы Қорғалжың ауданының прокуроры Д.Омарға қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізген болатын. Бұл фактіні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеулер департаментімен бірлесіп анықтаған.

«Д.Омар Қорғалжың қорығының басшысы А.Сексенбиевтен 23 миллион теңге ақша резервінің кассада заңсыз болу фактісін өз қорытындысында көрсетпегені үшін 5 миллион теңге мөлшерінде пара алуға тырысты деп күдіктелген. Осы жылдың 9 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық №2 аудандық сотының үкімімен Д.Омар 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп атап өтеді ведомстводан.

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан және әділет кеңесшісі арнаулы атағынан өмір бойына айырылған.

Жоғары қарай