Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Паралимпиада: 30 тамызда қазақстандық спортшылардан кімдер сынға түседі

2021 жылдың 30 тамыз 2021 02:03

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан VI Паралимпиадада 30 тамызда үш қазақстандық спортшы сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар суға жүзу спортынан бақ сынайды.

Қазақстандықтар қатысуымен өтетін ойын кестесі (елорда уақытымен):

Суға жүзу. Ерлер. 50 метр. Баттерфляей. 06:36. Ержан Сәлімгереев

Суға жүзу. Ерлер. 50 метр. Шалқалап жүзу. 06:52. Сиязбек Далиев

Суға жүзу. Ерлер. Кешенді жүзу. 200 метр. 07:42 . Нұрдәулет Жұмағали

Қазірге дейін Қазақстан қоржынында төрт медаль бар.

Олардың қатарынан Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанса, параа дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс жүлдегер болды.

Дүбірлі дода 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Аталған жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түседі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай