Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Паралимпиада: Қазақстандық жүзуші финалға өте алмады

2021 жылдың 31 тамыз 2021 09:19

ТОКИО. ҚазАқпарат – Токио қаласындағы Паралимпиада ойындарында әйелдер арасында 100 метрге еркін жүзуден іріктеу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа қазақстандық спортшы Әлия Рахымбекова қатысты. Старт қорытындылары бойынша Әлия қашықтықты 1:12.45 минут уақытта өтіп, өз тобында бесінші орын алған. Жалпы хаттамада Әлия финалға өткен «сегіздікке» кіре алмай, оныншы орыннан көрінді. Еске сала кетсек, бұған дейін Рахымбекова шалқалап жүзу бойынша жүз метрлік жарысқа қатысып, сегізінші орынды қанағат тұтқан еді.

Токиодағы Паралимпиада ойындары 5 қыркүйекке дейін жалғасады, онда Қазақстанның намысын 25 спортшы қорғап жүр.


Басты сөздер: Жапония, Олимпиада,
Жоғары қарай