Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Паралимпиада: жүзуден қос қазақстандық финалға шықты

2021 жылдың 1 қыркүйек 2021 13:20

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токиода жазғы Паралимпиада ойындары жалғасып жатыр. Жүзу бойынша қос қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатында Нұрали Советқанов жалпы нәтижеде 8 орынмен финалға шықты. Сондай-ақ, осы санат бойынша сынға түскен Нұрдәулет Жұмағали екі топ нәтижесінде үшінші орынмен аяқтап, финалистер қатарын толықтырды.

Айта кетерлігі, ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатындағы спортшылар финалы елорда уақытымен 16:02-де басталады.


Басты сөздер: Жапония, Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай