Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Параспортшы Давид Дегтярев пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

2021 жылдың 29 қараша 2021 20:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио-2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы 178 кг салмақты көтеріп бірінші орынға ие болса, екінші орынды Қытай спортшысы Ян Джилан иемденді.

Ал Мысыр елінен келген спортшы Абделмажид Таха үшінші орынға ие болды.

«Жалпы өз нәтижеме ризамын. Токио-2020 ойындарынан кейін дем алып, күш жинап, чемпионатқа қызу жаттығу жұмыстарын өткіздік. Сонын арқасында жақсы жетістікке жеттім деп ойлаймын. Жарыс барысында бірінші раундта 175 кг көтердім, екінші раундта 178 келі салмақты бағындырды, ал 3-ші раундта көтерген 186 кг салмағым техникалық себептермен есептелмеді. Маған қолдау көрсетіп, сенім артқан жаттықтырушыма, отбасыма, достарыма, ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетіне және барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын», - деді чемпион жарыстан соң.

Естеріңізге сала кетейік, пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты Тбилиси қаласында 27 қараша – 6 желтоқсан аралығында өтеді.

Оған әлемнің 68 мемлекетінен 400-ден астам спортшы қатысады.

Чемпионатқа Қазақстан тарапынан 26 паралимпиадашы аттанды, оның алтауы жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысады.








Басты сөздер: Паралимпиада, Спорт,
Жоғары қарай