Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Парижде «Эйфель» мұнарасынан полицейлер бомба іздеп жатыр

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 20:02

ПАРИЖ. ТАСС-ҚазАқпарат - Парижде бомба туралы белгісіз біреудің қоңырауынан кейін «Эйфель» мұнарасынан келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.



«Бүгін таңертең полицияға жасырын қоңырау түскеннен кейін эвакуация жарияланды. Қазір тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп, қажетті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп мәлім еткен ТАСС-қа «Эйфель» мұнарасын пайдалану бойынша компаниядан. Бірақ тексеру қанша уақытқа созылатыны айтылмады.

ТАСС тілшісі анықтағандай, ескерткіштің айналасын әлі де полиция қоршап тұр. Периметрді қаруланған тәртіп сақшылары күзетуде.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай