Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Парижде наразылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласты

2020 жылдың 29 қараша 2020 11:48

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Франция азаматтары полиция қызметкерлерін белгілі бір жағдайларда суретке және видеоға түсіруге тыйым салатын заңға наразылық білдіріп жатыр. Франция ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акцияға 133 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

46 мыңға жуық адам Париж көшелерінде «Әлемдік қауіпсіздік туралы» заңның қабылдануына наразылық білдірді.

Демонстранттардың ерекше наразылығын осы заңның 24-бабы туғызды. Оның негізінде егер кадрлардың таралуы «жекелеген шенеуніктердің физикалық немесе психикалық дербес құқығына қауіп төндірсе», жекелеген полицейлерді суретке және видеоға түсіру үшін айыппұл қарастырылған.

Егер заң қабылданған жағдайда бұл құқық бұзушылық үшін бір жылға түрмеге жабу немесе 45 мың еуро айыппұл төлеу жазасы бар.

Франция астанасындағы наразылық полициямен қақтығысқа ұласты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларына тас пен петарда лақтырылған, бірнеше өрт оқиғасы тіркелген.

Тоғыз адам ұсталды. Франция ішкі істер министрі Жеральда Дарманеннің айтуынша, 37 полиция мен ұлттық жандармерия қызметкері жарақат алған.

Наразылық акциясы Францияның басқа қалаларында да өтті. Сонымен, Лилльде AFP-тің хабарлауынша, кем дегенде 1500 адам көшеге шыққан.

Рене мен Монпельеде, ұйымдастырушылардың айтуынша, наразылық білдірушілер саны 10 000-ға жеткен. Наразылық шарасын ұйымдастырушылар ел бойынша 500 мың адам көшеге шықты дейді.

Олар Париж акциясына қатысушылар санын 200 мың деп бағалады. Франция ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Парижде 46 мың адам, ал бүкіл ел бойынша 133 мың адам көшеге шыққан.


Басты сөздер: Оқиға, Еуропа,
Жоғары қарай