Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Парламент сайлауы саяси партиялардың бағдарламаларын таныстыруға мүмкіндік береді - Нұрлан Нығматулин

2020 жылдың 21 қазан 2020 10:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин алдағы Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Парламент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Әрине, Парламент сайлауы біздің еліміз, халқымыз үшін өте маңызды саяси қадам», - деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол Тәуелсіздік жылдарында парламенттік әрі президенттік сайлауларды өткізу кезінде қазақстандықтар үнемі саяси жоғары мәдениетті көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

«Себебі Парламент сайлауы еліміздегі барлық саяси партиялардың өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы сайлау демократияны нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты күшейтуге, еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз», - деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады.

«Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады», - деді Президент.


Жоғары қарай