Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Парламент Сенатының отырысы өтеді

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 21:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 қаңтар күні сағат 9:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады, деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.

Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 27 қаңтарда Сенат отырысына журналистер тіркелмейді. Сонымен қатар, Сенат отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн түрінде көрсетілетінін хабарлаймыз. Отырыстан түсірілген фотосуреттерді, бейнежазба және өзге де материалдарды бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрауы бойынша ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі беретін болады.


Басты сөздер: Парламент, Сенат,
Жоғары қарай