Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Пәтер алуға көмектесемін: Жамбылдықтар 23 жастағы алаяққа алданды

2021 жылдың 14 маусым 2021 05:15

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында алаяқ адамдарға пәтер алуға көмектесуге уәде етіп, ақшаларын иемденіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекет жасағаны үшін облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын ұстады.

Алдын ала тергеу барысында пәтер алуға көмек көрсету сылтауымен ол Тараз қаласының екі тұрғынынан 200 мың теңгеден астам соманы иемденгені анықталды.

«Аталған деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады, ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды»,-делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


Жоғары қарай