Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді

2020 жылдың 14 маусым 2020 10:21

ПАВЛОДАР. ҚазАҚпарат - Айбек Паяев 17 жылдан бері мемлекеттік қызмет атқарып келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметіне Айбек Минаимбекұлы Паяев тағайындалды.

Айбек Минаимбекұлы 1980 жылы туған.

Жоғары заңгерлік және экономикалық білімі бар. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 17 жыл. Оның ішінде 13 жыл басшылық лауазымдар атқарған.

Бұған дейін Ақмола облысы салық департаменті басшысының орынбасары, Қостанай облысы салық департаментінің басшысы, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы қызметтерін атқарған.

«Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» мен «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» атақтары бар.


Жоғары қарай