Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Павлодар облысында 13 жастағы қыз бала коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 19:31

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында бүгін сағат 17:45-тегі мәлімет бойынша, тағы бір адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19-ды Павлодар қаласында тұратын 13 жастағы қыз бала жұқтырған. Бұл 2006 жылғы қыз бала ЖРВИ диагнозына тексерілді, короновирус инфекциясы бүгін анықталды.

Қазіргі уақытта байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

Бүгінгі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 89 адам тіркелген.


Жоғары қарай