Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында 162 жылыту пункті дайындалды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 17:50

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 14 550 адамға лайықталған 162 жылыту пункті дайындалды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Өңірлік ТЖ департаменті ТЖ жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Асқарбек Омаровтың айтуынша, құтқару операцияларын жүргізуге дайындық мақсатында департамент тексеру жүргізіп, жоғары өту техникаларын дайындаған.

«Қар құрсауынан зардап шеккендерге көмек көрсету, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау үшін Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданына өтімділігі жоғары техника мен мүлік көшірілді, - дейді Асқарбек Омаров.

Бүгінгі күні «Қазақавтожол» ЖШС облыстық филиалында техниканың нақты дайындығы 78%-ды құрайды, қолда бары - 86, жарамдысы – 69 және жөндеуде 17 техника бар.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2020 жылы 51 дауылды ескерту келіп түскен. Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының шешімі бойынша республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 70 рет шектеу енгізілген.
Олардың ішіндегі ең проблемалы учаскелер: Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін «Нұр-Сұлтан – Ерейментау - Шідерті» автокөлік жолдары. Осыған ұқсас жағдайларға жол бермеу мақсатында биылғыағы қысқы кезеңде ДЭУ-60 техникасы Қалқаман кентіне көшірілді.
Сондай-ақ, өткен қысқы кезеңде айналма жолдың салдарынан техника кептелісі орын алған Шідерті кентіндегі көпірді қайта жаңарту аяқталды.


Жоғары қарай