Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында 19 жастағы жігіт құмның астында қалып көз жұмды

2021 жылдың 27 шілде 2021 14:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 19 жастағы жігіт құмның астында қалып көз жұмды. Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылында орын алған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілде күні сағат 15.40-та ЖШС-нің 19 жастағы жұмысшысын құм басып қалған.

- Жігіт су құбырларын тартып жатқан, - дейді ведомстводан.

Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалды.


Жоғары қарай