Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында 600-ден астам бизнес нысаны Ashyq жобасынан шығарылады

2021 жылдың 29 қыркүйек 2021 22:53

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Өңірде Ashyq қосымшасын қолдануға арналған QR-код 6540 бизнес нысанында бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы түсірілімге сәйкес, 13-27 қыркүйек аралығындағы кезеңде жобаның 617 қатысушысы бір апта ішіндегі нөлдік көрсеткіш (чекин) үшін жобадан шығарылады», - деп хабарлады Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Павлодар облысы әкімдігінің сайтында Ashyq жобасының белсенді емес қатысушылары мен көшбасшыларының тізімі жарияланды, палата оған назар аударды.

Ashyq жобасының аутсайдерлерімен бірге мониторинг топтарының мүшелері түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

«Сонымен қатар, қазіргі таңда 222 қатысушы – Ashyq жобасының көшбасшысы. Бірінші түсірілім кезінде олардың саны 13, екіншісінде - 16, үшіншісінде - 21, төртіншісінде – 53, бесіншісінде – 213 болды. Көшбасшылар саны көбеюде, бұл Ashyq қосымшасын бизнес субъектілері белсенді түрде қолданатынын білдіреді», - деп атап өтті кәсіпкерлер палатасында.

«Атамекен» ӨКП ақпаратына сәйкес, 29 қыркүйектегі жағдай бойынша 6 537 нысан Ashyq қосымшасын пайдалану үшін QR-код алған.

Жобаның 114 қатысушысы алғашқы 7 күнде бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес тест режимінде жұмыс істейді.


Жоғары қарай