Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында 750 провизорлық орын жабылды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 17:48

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жедел жәрдемге түсетін шақырулар саны 50 пайызға азайды. Бұл туралы онлайн аппараттық жиында облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова мәлім етті деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

- Өткен аптада Мойылдыдағы провизорлық 500 орын, Ақсудағы «Еуразия» медициналық орталығындағы 80 орын, «Баянтау» спорт сарайындағы 150 орын жабылды. Қазіргі уақытта провизорлық орындардың 26,5 пайызында науқастар жатыр, - деді Айзада Құрманова.

Сонымен қатар, шілде айының басында жедел жәрдемге келіп түсетін шақыру саны 1128 болса, бұл көрсеткіш 50 пайызға қысқарып, өткен тәулікте 565 шақыруға азайған.
Облыс аумағында карантин талаптарын 30 мониторинг тобы бақылайды. 27 шілде мен 2 тамыз арасында 30 тексеру жүргізіліп, 27 ереже бұзушылық анықталған. Аталған фактілерге қатысты 19 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталып келе жатқанымен босаңсуға болмайтынын атап өтті.
- Күзге дайындалуымыз керек. Тәжірибеміз бар. Нақты шаралардың жоспарын құрып, күз келмей тұрып дәл қазір не істейтінімізді, медицина саласының толық дайындығы үшін қандай қосымша амал қолданатымызды бекіту қажет, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 3359 адам анықталған. 2022 адам жазылып шықса, 28 адам көз жұмды.


Жоғары қарай