Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Павлодар облысында аудандық кітапхана жүйесінің басшысы 10 млн теңге жымқырған

2020 жылдың 3 тамыз 2020 21:47

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекет қазынасынан ақша ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Железин ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мекеме басшысы мен қызметкерлеріне жалақыны есептеу және аудару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит барысында мекеме бухгалтері 2013-2019 жылдар аралығында мекеме басшысы мен бухгалтердің жеке есепшотына негізсіз ақша аударғаны анықталды», - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілдері ҚазАқпарат тілшісіне.

Сыбайластар 10 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаражатын иемденіп алған.

«Павлодар облысы Железин аудандық сотының 2020 жылғы 27 шілдедегі шешімі негізінде мекеме басшысы мен мекеме бухгалтеріне ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін төрт жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - деп толықтырды департамент өкілдері.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.


Автор: Антон Гагарин


Жоғары қарай